Түркиялқ кәсіпкерлер Сайрамдағы мал бордақылау шаруашылығымен танысты

75

Түркістан облысына Түркиядан арнайы делегация келді. Ондағы мақсат — өңірдің экономикалық әлеуетімен танысу әрі іскерлік байланыс орнату.

Аудан, қалаларды аралап, екіжақты келісім жасау да көзделген. Түркиялықтар Сайрам ауданына барып, мал бордақылап, ет өндіріп, экспортқа, ішкі нарыққа қой мен ірі қара мал етін беретін «Қайып ата» ЖШС-нің жұмысымен танысты.

Қазіргі таңда мұнда 18 мыңға жуық ірі қара мал бордақыланып жатыр. Кәсіпорын жылына 7200 тонна ірі қара мал етін дайындауға қауһарлы. Бүгінде етті Ресей, Иран, Өзбекстанға экспорттауда.

Қытай нарығына шығу үшін құжаттар рәсімделіп жатыр. 2021 жылдан бері аптасына 40 тонна ірі қара мал етін Өзбекстанға сатып жатқан кәсіпорын биыл жалпы 1500 тоннадан астам ет экспорттаған.

Жанерке Хумар