Түркістан: 2 күнде 300-ден астам жол ережесі бұзылған

90

Түркістандық полицейлер 2 күн ішінде 300-ден астам жол ережесін бұзған жүргізушіні анықтады. Нақтырақ айтқанда, 29-30 қыркүйек күндері тәртіп бұзған азаматтардың екеуі мас халде болса, 3 жүргізуші жолда келе жатып қарама-қарсы бағытқа шығып кеткен.

Сонымен қатар, жылдамдықты арттырған 5 жүргізуші, маневр жасау ережелерін бұзған 4 жүргізуші және бағдаршамның тыйым салынған сигналынан өтіп кеткен 7 жүргізушіге қатысты әкімшілік шара көрілді. Рейд нәтижесінде 15 автокөлік айыптұраққа қойылды.

Данияр Түймебаев, Түркістан ҚПБ жергілікті полиция қызметі патрульдік полиция ротасының командирі: «2021 жылы қыркүйек айының 29 күні Түркістан қаласы көлемінде «Қауіпсіз қала» жедел-профилактикалық іс-шарасы Түркістан қаласының прокуратура қызметкерлерімен бірлесе жұмыстар атқарылды. Жұмыстар нәтижесінде 300-ден астам әкімшілік-құқық бұзушылық жасаған жүргізушілер анықтап, оларға қатысты әкімшілік шара қолданды».

Әлихан Файзханов