Түркістан облысының аграрлық әлеуеті Францияға тарыстырылды

86

Түркістан облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов бастаған Түркістан облысының фермерлер делегациясы Францияның Мец қаласында өткен «Агримакс-2021» халықаралық мал шаруашылығы көрмесіне қатысты. Қазақстан осы іс-шараға алғаш рет қатысып, жергілікті биліктің, фермерлер мен БАҚ-тың қызығушылығын оятқан жалғыз еуропалық емес ел болды.

Ашылу салтанатында Өңірлік кеңес төрағасы Жан Роттнер Түркістан облысының делегациясын құттықтап, бірлескен аграрлық жобаларды ілгерілетуге барынша көмек көрсетуге дайын екенін хабарлады. Ол іскерлік байланыстарды орнату және нығайтудағы күш-жігері үшін Қазақстан басшылығы мен дипломаттарға ерекше алғысын білдірді. Францияның ауыл шаруашылығы локомотиві болып есептелетін Үлкен Шығыс аймағымен іскерлік байланыс орнату – үлкен табыс.

Түркістан облысының делегациясы ҚР Франциядағы елшілігі және Страсбургтағы Бас консулдығының қолдауымен сүт және ет фермерлік шаруашылықтарын, құс фабрикасын аралап, француз малшыларының кәсіби қауымдастықтарының өкілдерімен «дөңгелек үстелге» қатысты. Қазақстандық фермерлер әлемдегі жетекші өндіруші «KUHN» компаниясының озық деңгейдегі ауыл шаруашылығы техникасымен танысты.

Қазақстандық фермерлер атынан Н.Бадырақов және «ҚазақИнвест» өкілі келіссөз жүргізді. Келіссөз барысында Түркістан облысындағы стратегиялық маңызды жобалар және ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен экспортын ұлғайту мәселелері сөз болды.