Түркістандағы «Nur Otan» партиясы филиалы жанынан жастарға арналған «COWORKING» орталығы ашылды. Шараға Түркістан облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев пен Түркістан қаласы әкімі Нұрбол Тұрашбеков қатысты.
Сондай-ақ, жиынға ҚР Парламент мәжілісінің ең жас депутаты Мәди Ахметов пен «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев қолдау көрсетті. Ашылған орталықтың негізгі міндеті — жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасау.
Аталған ғимарат барлық заманауи техникалық құралдармен жабдықталған. Мекеме бір уақытта 50-70 адамды қабылдай алады. Ғимаратқа кіру тегін.
Айта кетейік, бұл ғимараттың құрылысы биыл наурызда аймақ кәсіпкерлері мен депутаттардың қолдауымен басталған болатын.
Диана Біржанова