Қазақстан бойыша вакцинацияланғандар саны 7 740 864 адамға жетті. Оның 2-ші компонентін 6 715 104 адам салдырды. Ал Шымкентте 530 819 тұрғын екпе қабылдаған. Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 434 467 алды.

Ал, Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 904 660, II компонентін 757 776 адам салдырған. Сондай-ақ, өткен тәулікте 1 624 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Оның 54-і Шымкентте, 16-ы Түркістан облысында тіркелген.

Сонымен қатар, ел бойынша жазылып шыққандар саны 2 257-ге жетіп отыр. Оның 17-і Шымкенттік тұрғындар. Ал, Түркістан облысынан 44 адам ковидты жеңіп шыққандар қатарында. 5 қазандағы жағдай бойынша елде 58 383 адам ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 10 066 пациент стационарға жатқызылған. Ал, 48 317-і амбулаториялық деңгейде емделуде. Сала жауаптыларының айтуынша, 732 адамның жағдайы ауыр, ал 223 пациенттің халі өте ауыр.

135 науқас өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған. Ал эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сүйенетін болсақ, Шымкент қаласы сары, Түркістан облысы жасыл аймақта.

Мөлдір Ибадуллаева