ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы пирамидасының белгілері бар ұйымдар мен жалған брокерлердің тізімін жариялады.

Тізімге 121 субъект, оның ішінде қаржы пирамидасының белгілері бар 56 ұйым және 65 заңсыз инвестициялық делдал (жалған брокер) енгізілді. Агенттік олардың қызметінде заңсыз қызмет белгілерін анықтады. Тізімді жариялау қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған және осындай компанияларға байланысты тәуекелдердің уақтылы алдын алуға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, осындай тізімді қалыптастыру нарықтағы әділ бәсекелестікті қолдауды және заңсыз қызмет белгілері бар субъектілерді тиімді түрде анықтауды қамтамасыз етеді.

Агенттік қаржы нарығындағы заңсыз қатысушыларды мыналар:

– интернеттегі ақпараттық кеңістікті мониторингтеу;

– блогтар, форумдар, бейнехостингтер және мессенджерлер арқылы әлеуметтік желілерді мониторингтеу;

– жеке және заңды тұлғалардың өтініштері  – азаматтық қоғам институттарын білдіретін мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл шеңберінде анықтайды.

Барынша тиімді хабардар болу мақсатында агенттік қаржы нарығының барлық субъектілеріне күдікті компаниялар туралы хабарлайды.

Сондай-ақ, осындай компаниялардың сайттарын одан әрі тексеру және бұғаттау үшін құқық қорғау және басқа да уәкілетті органдармен бірге өзара әрекет етеді. Заңсыз қызмет белгілері бар әрбір компания бойынша атауы, сайт мекенжайы, заңсыз қызмет сипаты көрсетілген. Бұдан әрі ақпарат тұрақты түрде жаңартылып отырады.

Шынар Оразова