Зейнетақы қорындағы 2 трлн. теңгеге жуық қаржы қайда жұмсалды?

115

Қазақстан азаматтары зейнетақы қорындағы 2 трлн теңгеге жуық қаржыны өз кәделеріне жаратты. Былтыр Мемлекет басшысы өз жолдауында қордағы ақшаның бір бөлігін пайдалануға мүмкіндік берілетінін айтқан. Жаңа жылда бұл бастама іске асып, жарты миллоннан астам отандасымыз жинақтағы ақшасының игілігін көрген. 470 мыңнан аса отандасымыз зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үйге жұмсаған.

Тұрғын үйден бөлек қазақстандықтар 49 миллиард теңгені емделуге жаратқан.

Қордағы ақшаны тиімді пайдаланып, акция, облигация сатып алуға да болады. Алайда бұл мүмкіндікті 3 мыңға жетер-жетпес азамат қана пайдаланған. Олар 5,5 млрд теңгені инвестициялық компанияларға сеніп тапсырған.

Шынар Оразова