Зергерлік бұйымдардың көлеңкелі айналымы 90 пайызға жеткен

60

Зергерлік бұйымдардың көлеңкелі айналымы 90%-ке жетті. Осылай деген депутаттар көлеңкелі нарықтың үлесін азайтуға қатысты сауал жолдады.

Айтуынша, ресми ақпаратта 2017-2018 жылдары Қазақстанға 81 млн. доллардың зергерлік бұйымы импортталғаны жазылады. Алайда, Түрік зергерлік қауымдастығы тек 2017 жылдың өзінде 267 млн. доллардың бұйымы біздің елге жеткізілгенін хабарлаған.

Заңсыз сауданың жолын кесу үшін депутаттар зергерлік бұйым жасайтын кәсіпорындарды тазартылған алтын сатып аларда қосымша құн салығынан босатуды ұсынды. Сонымен бірге тауарға талдау мен тексеру жүргізетін жауаптылардың құзіретін арттыру керек дейді.

Шынар Оразова