фото kolesa.kz

ҚР ІІМ апаттан зардап шеккендерге өтемақы төлейтін қор жұмысына қатысты ақпарат берді. Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділовтің айтуынша, жол апаты салдарынан денсаулығына ауыр зиян келген азаматтар Жәбірленушілерге өтемақы қорынан 120 000 теңгеге жуық ақша ала алады.

Ал адам қайтыс болған жағдайда жәбірленуші құқығына ие тұрғындарға шамамен 150 000 теңге беріледі.

«Төлем реестрін сотқа дейінгі тергеу органы жүргізеді және мәлімет ай сайын ақша аударумен айналысатын қаржы мекемесіне жіберіледі», — деді С. Әділов.

Жәбірленушілерге өтемақы төлеу қоры Қазақстанда үш жыл бұрын іске қосылды. Қазір қорды мемлекет қаржыландырмайды. Қажет ақша қылмысқа кінәлі деп танылған адамдардан өндіріледі.

Сонымен қатар зардап шеккендер апатқа кінәлі тұрғыннан сот арқылы шығынын өндіріп алуға құқылы екенін еске саламыз.

kolesa.kz