Жүк көлігін лас күйде басқарған жүргізуші жауапқа тартылды

158

Шымкент қаласы Полиция департаментінің ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен ағымдағы жылдың 30-қыркүйек пен 30-қазан аралығында өтіп жатқан «Таза қала» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында рейдтік шара ұйымдастырылуда.

Іс-шара барысында 24-қазанда сағат 11:00 шамасында Патрульдік полиция полкінің қызметкерімен қаладағы Темірлан көшесінің бойында “Камаз” маркалы жүк көлігін лас күйде басқарған жүргізуші тоқтатылды. Жүргізушіге бұл жағдай заңсыз екендігі түсіндірілді.

Нәтижесінде, жол жүру ережесін бұзғаны үшін азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтҚ-нің 630-бабы (Жолдарды, темiржол өтпелерiн және басқа жол құрылыстарын бүлдiру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Құрметті жолаушылар! Тәртіп сақшылары қала тұрғындары мен қонақтарына абаттандыру қағидаларын бұзған жағдайда, әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескерте отырып, тазалықты сақтауды сұранады.

QAINAR KÓZШымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі