Облыс орталығының жасыл желек аумағын ұлғайтып, экологиясын жақсарту мақсатында ұйымдастырылған «Отбасыңмен он тал ек!» эко-акциясы жалғасуда. Эко-акция аясында Түркістан қаласы аумағында жүз мың ағаш егу жоспарланған болатын.
Қазіргі таңда, шара барысында шаһарда 170 мың ағаш егіліп үлгерген.
Әсемдік үшін өсірілетін гибисткус сынды ағаш түрлерінен бастап, жемісті алма, шие, өрік, тұт жиде ағаштары да егілген. Одан бөлек, акация, қайың, қара қайың, терек, гужум ағаштары да отырғызылды.