Ел аумағында болашағы бар 3561 ауылдың тізімі жасалған. Алдағы 4 жылда сол ауылдардың инфрақұрылымын кешенді жаңғырту мақсатында 1,3 трлн. теңге бөлінеді.
Үкімет басшысы дағдарысқа қарсы шаралар нәтижесін бере бастағанын атап өтті. Халықаралық қаржы институттарының болжамынша жыл аяғына дейін экономика 4%-ға, ал келер жылы 4,5%-ға дейін артады.
Экономикамыз 10 айдың көрсеткіштері бойынша 3,5 пайыз өскен. Негізгі драйверлер өңдеуші өнеркәсібі. Жалпы, 30 жылда елдің жалпы ішкі өнімі 11 млрд. доллардан 189 млрд. долларға жуықтады. Тікелей шетелдік инвестициялар 380 млрд АҚШ долларынан асса, тауар айналымы 94 млрд долларға өсті.
Шынар Оразова