Түркістандық полицейлер пошта қызметкері мен оның екі сыбайласын қолға түсірді, олар алаяқтық жолмен 35 миллион теңге ұрлап кеткен.
Сарыағаш аудандық полиция бөліміне пошта қызметінің бірінің жұмысшысы хабарласып, белгісіз біреулер поштадан 35 миллион теңге алып кеткенін хабарлаған. Бұл факт «Алаяқтық»бабы бойынша тіркеліп, тәртіп сақшылары бейнекамералардағы жазбаларды мұқият тексерді.
Күдікті ретінде пошта қызметкері мен жас жігіт және Сарыағаш ауданының тұрғыны анықталды. Сондай-ақ, тергеу барысында ұсталған адамға қылмысқа қатысы бар 2 серіктес пен ер адам құрықталды.
Олардың бірі — жергілікті тұрғын, екіншісі-Семей қаласының тұрғыны болып шықты.
Әлихан Файызханов