9 адамнан коронавирус анықталды

37

Шымкент қаласында эпидахуал тұрақталып келеді. Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 9 жағдай тіркелді.

Оның ішінде 6 адамда ауру белгілері байқалған. Қазірде 1 науқас инфекциялық стационарға жатқызылып, 8 адам үй жағдайында дәрігерлердің бақылауына алынған. Дәрігерлер қаламызда індет жұқтырғандар азайғанымен қауіп әлі сейілмегенін алға тартуда. Тұрғындардан қоғамдық орындарда медициналық маска тағып, карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз.