Еңбекші ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, бейтаныс азамат жеке кәсіпкерлік құжаттарын туралап беремін деп, сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 10000 теңге ақшасын иемденіп кеткендігін жазып, көрсеткен.

Аталған жайт бойынша, ҚР ҚК-нің 190 бабы 1 бөлігімен (Алаяқтық) қылмыстық іс қозғалып жеке тапсырмалар берілді. Нәтижесінде, Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, жеткізілді. Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға абай болуға және бейтаныс азаматтарға ақша бермеуге кеңес береді. Егер, Сіз, алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада 102 нөміріне хабарласыңыз.

QAINAR KÓZШымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі