Алматыда әйел кішкентай 3 баласымен бірге 9-қабаттан секіріп кетті

91

Алматыда әйел кішкентай үш баласымен бірге 9-қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, «Жетісу» шағынауданында көпқабатты үйлердің бірінің терезесінен жас әйел үш баласымен бірге секіріп кетті.

«28 жастағы әйел мен оның 2015, 2016 және 2019 жылы туған үш кішкентай баласы 9-қабаттың терезесінен секіріп кеткен. Әйел мен екі баласы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір бала жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды», — деп хабарлады полициядан.

Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның себептері мен басқа да мән-жайларын анықтау мақсатында Алматы қаласы ПД-де жедел-тергеу тобы құрылды. Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.