ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті басқарма басшысының орынбасары Айнұр Сартаева Армениядан әкелінген сары нөмірлі көліктің салығы қай елдің бюджетіне төленетінін атады.
«Сары нөмір алып, уақытша тіркеуге тұрған армениялық көліктердің иелері Қазақстанның бюджетіне көлік салығын төлеуге міндетті екенін естеріңізге салғымыз келеді. Міндетті түрде көлік салығын төлейсіздер. Екі елдің арасындағы келісімге байланысты бұл көліктер Арменияда көлік салығынан босатылады. Яғни, тек Қазақстан бюджетіне ғана көлік салығын төлейді», — деді Айнұр Сартаева ведомство ұйымдастырған онлайн брифингіде.
Шынар Оразова