Ауа райының қолайсыздығына қарамастан Қазақстанда 16,4 млн. тонна астық бастырылып, орташа өнімділігі 10,3 ц/га құрады.

Жаңа егіннің астығы жоғары сапалы көрсеткіштерге ие. Лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарына тапсырылған жұмсақ бидайдың жалпы көлемінің 90,5%-ы 1-3 сыныптарға жатқызылған, 2020 жылы бұл көрсеткіш 81,2%-ды құраған болатын.

Құрамында дән маңызы жоғары бидай үлесінің айтарлықтай өсуі байқалады. 3-сыныпты жұмсақ бидай көлемінде әлемдік нарықта жоғары сұранысқа ие жоғары сапалы HI-Pro бидайының үлесі шамамен 60% – ды құрайды.

Жалпы, өсірілген астық ішкі нарықты толық қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ экспортқа белгілі бір көлемді жөнелту үшін де жеткілікті.

Шынар Оразова