Әуе билетінің бағасы өсті

84

Әуе билетінің бағасы 9 пайызға өсті. Ал кейбір өңірлерде 20-30%-ке қымбаттаған.

Әсіресе, Түркістан, Қызылорда және Маңғыстау облысында билет құны шарықтады. Отандық әуе компаниялары 7 миллионға жуық жолаушы тасымалдаған. Олардың кірісі 265 млрд. теңгеден асады. Демек кіріс пандемия кезіндегі көрсеткіштен артқан.

Жауапты министрлік өкілдерінің айтуынша, билет құнының өсуіне бірнеше фактор әсер еткен. Мәселен, әуе кемесіне қызмет көрсету, жанармай мен қосалқы бөлшектер алу, қызметкерлер жалақысы. ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті басқармасының басшысы Әділет Көбеновтың айтуынша билет бағасын қазіргі уақытта нарық анықтайды.

Шынар Оразова