Балалардың әуе билеттеріне 16 млрд. теңге субсидия бөлінеді

52

Кәмелетке толмаған балалардың әуе билеттеріне 16 млрд. теңге субсидия бөлінеді. Ұлттық жоспарға сәйкес қаржыландыру келер жылдан басталады.

2 және 14 жас аралығындағы балалар үшін жеңілдетілген бағадағы билеттер тек ел аумағында ұшуға арналған. Осы арқылы туристік операторларға билет құны үшін өтемақы төленеді.

Мамандар мұның ішкі туризмнің дамуына қолдау болатынын айтады. Жалпы 2025 жылға дейін отандық туризмді дамытуға 7 трлн. теңгеге жуық қаржы бөлу жоспарланған.

Жауаптылар инвестиция көмегімен туристер легін 8 млн-ға жеткізбек.

Шынар Оразова