Егер жанармай бекеттерінде бензин сатудан бас тартса қайда хабарласу керек?

34

Бағаны негізсіз өсіру және нарықта жасанды жанар-жағармай тапшылығын тудыру фактілері туралы құзырлы органдарға хабарланады.

«Энергетика министрлігі мұнай өңдеу зауыттарында жанар-жағармай өндірісі үздіксіз жүріп жатқанын хабарлайды. Халықтың сұранысын толыққанды қамтамасыз ету үшін бензин көлемі жеткілікті. Осылайша бензин тапшылығына еш негіз жоқ», – деді министрліктегілер.

Егер жанармай бекеттерінде бензин сатудан бас тартса, бұл туралы министрлік +7 777 999 52 18 WhatsApp нөміріне дереу хабарлауды сұрайды. Мамандар ақпараттың қаншалықты шындыққа сәйкес келетінін анықтайды.

Шынар Оразова