«Hi-tech» іс-шарасы барысында интернет-алаяқтық жайты анықталды

38

 

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің нұсқауына сәйкес, ағымдағы жылдың 8 мен 14-қараша аралығында Шымкент қаласының аумағында республикалық денгейдегі жеті күндік «Hi-tech» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Аталған іс-шараның басты мақсаты – ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын құқық бұзушылықтарды анықтау, оларды ашу және жолын кесу, сондай-ақ еркін айналымда тыйым салынған өнімдерді заңсыз әзірлейтін, көбейтетін және тарататын адамдарды анықтау болып табылады.

Атап айтсақ, 2021 жылдың 8-қарашасында Абай АПБ-ның «102» арнасына жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, белгісіз тұлға өзінің есеп шотынан интернет ақпараттық жүйені пайдалану арқылы алаяқтық жолмен 14.500 теңге ақшасын иемденіп кеткенін көрсеткен. Аталған жайт негізінде ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Абай АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен «Hi-Tech» жедел іс шарасы барысында Шымкент қаласының 32 жастағы тұрғыны анықталып, жеткізілді. Тексеру амалдары жүргізілуде.