ИДЖЖ-2 жобасының іске асырылу барысы тексерілді

125

Мақтаарал ауданы әкімі Бақыт Асанов пен аудандық мәслихаттың хатшысы Қадір Сәрсекбаев, аудан әкімінің орынбасары Сәкен Сұлтанханов, ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Баязит Әлімқұлов және су шаруашылығы саласының өкілдері ИДЖЖ-2 жобасы аясында құрылысы жүріп жатқан каналдар мен арық-атыздарды аралап, жобаның іске асырылу барысын тексерді.

Аудан басшысы Еңбекші, Иіржар, Бірлік ауылдық округтерінде болып, осындағы ИДЖЖ-2 жобасы аясында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарын қадағалады. Сонымен қатар, құрылыс жұмыстары барысында туындаған мәселелер мен ұсыныстарды сала мамандарымен талқылады.

Каналдар мен коллекторлардың үстінен көпірлер салу, кейбір каналдарды монолит бетонмен қаптау, тік ұнғымалы дренаждардың құрылыс жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау сынды қат-қабат мәселелерді шешу үшін аудан әкімі сала мамандарына нақты тапсырмалар берді.

Айта кетейік, Мақтаарал ауданында егістік жерлердің құнарлығын арттыру үшін 40 мың гектар жер ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру (ИДЖЖ-2) бағдарламасына енген. Бағдарлама арқылы 220 канал, 208 су қашыртқылары ретке келтіріліп, 149 тік дренажды ұңғымалар жөнделуде.

2021 жылдың 9 айының қорытындысымен жалпы бағдарламаның 1-ші 2-ші және 3-ші кешені бойынша ұзындығы 47 шақырымды құрайтын 36 каналдың (К-13; К-20; К-18; К-11 тармақтарымен) құрылыс жұмыстары толық аяқталғаны белгілі болды.

QAINAR KÓZМақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі