Шымкентте қысқа мерзімді кәсіптік білім алған 2112 адам тұрақты жұмысқа орналасқан. Осылай деген жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен 33 500 адамды жұмыспен қамту жоспарланғанын айтады.
Бүгінде оның ішінде 31 486 адам жұмысқа орналасып отыр. Сондай-ақ, ол бос жұмыс орындарына – 19609, әлеуметтік жұмыс орындарына — 200, жастар практикасына — 2578, ақылы қоғамдық жұмыстарға 3058 азамат жолданғанын айтты.
Басқарма басшысы отбасы мүшесі жұмысқа жарамды болса, орталық арқылы жұмысқа орналасуына мүмкіндік бар екенін, кәсіпкерлікті бастаушыларға арналған арнайы мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін жеткізді.
Әлихан Файызханов