Көлік бағасы қымбаттады

69

Инфляцияның салдарынан көлік бағасы да тоқтаусыз өсіп жатыр. Автобизнес қауымдастығының дерегі бойынша жыл басынан бері жаңа көліктер 8,3, ал жүрілген машиналар 10 пайыздай қымбаттаған.

Бағаның көтерілуіне негізінен автокөлік жетіспеушілігі әсер етіп жатыр. Оның үстіне логистика мен метал бағасының өсуі де көлік құнын аспандатып жіберген. Қазір салондарда теміртұлпар тапшы. Жұрт жаңа көлікке кезекке тұрып, айлап күтуге мәжбүр.

Автосарапшылар нарық келер жылдың ортасында қалпына келеді деген болжам жасауда. Айта кететін жәйт, елімізде 10 айда 100 мыңдай жаңа машина сатылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 31 пайызға көп.

Шынар Оразова