Төлеби ауданында “Жасөспірім” іс-шарасы барысында көлік басқарып жүрген жасөспірім қыз анықталды.
Полицейлермен іс-шара жүргізу кезінде көлік басқаруға құжаты жоқ және ата-анасының рұқсатынсыз көлік басқарып жүрген жасөспірім қыз анықталып, оның ата-анасына ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 2-бөлігімен айыппұл салынды.
Өз кезегінде тәртіп сақшылары жасөспірімдер және олардың ата-аналарымен түрлі құқықбұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік бар екендігі туралы профилактикалық, түсіндіру әңгімелерін өткізді және ересектерге балаларды әсіресе түнгі уақытта үйден тыс жерлерге жібермеуге шақырды.