Майнингпен заңсыз айналысатын фермалар энергия тапшылығын тудырады. Энергетика вице-министрі Мұрат Жүребековтың айтуынша, биыл электр қуатын тұтыну бірден 8%-ке өскен. Өткен жылдармен салыстырсақ, елде энергия пайдалану көлемі небары 1-2%-ке артқан.
Вице-министр биыл тым көп электр қуаты жұмсалғанын атап өтті. Оның сөзінше, көлеңкелі нарықта жүрген майнерлер көп мөлшерде электр қуатын пайдаланады. Қазақстанда ресми жұмыс істейтін шамамен 50-ге жуық дата-орталық бар. Алайда нарықта соңғы жылдары көлеңкеде жасырынған ойыншылар көбейген.
Мұрат Жүребеков, ҚР Энергетика министрінің бірінші орынбасары: «Қытайда майнинг фермаларының жабылып, олардың көбісі біздің елге келді. Бұл электр қуатының тепе-теңдігін сақтауға кері әсер етіп жатыр. Майнингпен көлеңкеде айналысатындарға шара қолдану қажет».
Шынар Оразова