Мақтааралда кәсіпкер-меценат Болат Өтемұратовтың қоры 10 үй сыйға берді. Баспана кілтін аудан әкімі Бақыт Асанов табыстады.
Аталған үйлер Мырзакент кентінің жаңа мөлтек ауданында орналасқан. Осы уақытқа дейін Мырзакентте құрылысы аяқталған 16 тұрғын үй азаматтарға коммуналдық арендалық негізде беріліп келген.
Сондай-ақ, 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен бөлінген 417,9 миллион теңгеге аудан аумағындағы көпбалалы аз қамтылған және тұрғын үй кезегінде тұрған отбасыларға 50 үй берілген.
Мақтааралда ағымдағы жылы 76 отбасы мемлекеттік бағдарламалар арқылы және жеке қорлардың есебінен баспаналы болып отыр. Вид: Гүлдана ТАҚ: ТҮРКІСТАН: ға