Ордабасы ауданында туризмді дамыту мақсатында сапар-орталықтың құрылысы басталды. Нысан — қазақ ұлтының қалыптасу кезеңінде үш жүздің басы қосылған Ордабасы тауындағы «Ордабасы» Ұлттық тарихи-мәдени қорығы аумағында бой көтеруде.
Орталықта қорық кеңсесі, музей, мәжіліс залдары, ғылыми зерттеу бөлмелері, кітапхана, асхана және жатақхана бөлмелері болмақ. Бір мезетте қорық аумағында 500 адамға қызмет көрсетіліп, 40 адам жұмыспен қамтылмақ.
Мөлдір Ибадуллаева