«Палау-fest» байқауында Сайрам ауданы бірінші орынды иеленді

247

Түркістан қаласындағы «Этноауыл» кешенінде «Сәлем саған, Түркістан!» мәдениет және өнер фестивалі аясында Түркістан облыстық «Жанубий Қозоғистон» газетінің 30 жылдық мерейтойына арналған іс-шара өтті.

Аталған жиында Сайрам ауданының №65 М.Музрапов атындағы мектептің қол өнер
шеберлерінің туындыларынан қойылған көрмені, Қ. Жандарбеков атындағы мәдениет үйінің ұлттық аспап ансамблі мен өнерпаздарының концерттік бағдарламасын тамашалады.

Мерекелік жиында киіз үйдің жабдықталуы, ұлттық тағамдарды дайындау, ет асу және палау әзірлеу бойынша арнайы байқау ұйымдастырылды.

«Палау-fest» байқауы бойынша Республикаға танымал «Гунча» халықтық ансамблінің жетекшісі Мирхашимов Мирабдимажит 3 түрлі палау әзірледі. Жылқы етінен — Той палауы, зығыр май, бөдене еті мен жұмыртқасы қосылған — Самарқанд палауы және қойдың құйрық майын шыжғырып , қой етінен дайындалатын — Шайхана палауы әзірлеп, Берекелі Сайрам бірінші орынды иеленді.

Мерекелік дастархан мәзіріне ұлттық тағам — Бесбармақ қазақтың ұмытылып бара жатқан Үлпершек және Ұлтабар тағамдары ұсынылды.