Ақтөбе облысында қаржы пирамидасының белгілері бар компания анықталды. Жедел-іздестіру шаралары барысында заңсыз қомақты ақша салу және үстеме пайда табу әрекетіне барған ұйымның жолы кесілді.

Пысықайлар «Крауд 1» компаниясының желілік ұйымы ретінде халыққа виртуалды жер учаскелерін сатып алу бойынша қаржы инвестициялау жолдарын ұсынған. Қызмет түрлерінің құны 2 500 еуроға дейін жеткені анықталды. Осылайша, инвестиция тартып, кепілдендірілген кірістерді жалған құжаттар арқылы растап отырған.

Гаухар Сапарбаева, Қаржы бақылау агенттігінің ресми өкілі: «Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық кодексінің 271-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Егер сіз осы қаржы пирамидасының құрбаны болсаңыз, Ақтөбе облысы бойынша департаментіне хабарласыңыз».

Шынар Оразова