Қазақстанға алты айда 11 млрд. доллардан аса шетелдік инвестиция тартылды. Бұл былтырмен салыстырғанда 30 пайызға көп.
Әсіресе, Нидерланды елге көбірек қаржы құйып отыр. Оның үлесі 29 пайыздан асқан. Сонымен бірге, АҚШ пен Швейцариядан түсетін инвестиция да аз емес.
Шетелдіктерді өңдеу өнеркәсібі мен кен өндіру саласы қызықтырады. Былтыр пандемия салдарынан дүниежүзі елдерінен түсім азайып кеткен.
Ұлттық экономика вице-министрі Әлішер Әбдіқадыровтың айтуынша, жаһандық инвестиция 35 пайызға төмендеді. Бұдан бөлек, инвесторларға кеден мен салық, миграциядағы проблемалар кедергі дейді ол.
Шынар Оразова