Қымбаттаған жемнің салдарынан еттің бағасы шарықтап барады

143

Сиыр мен тауық еті бір жылда 11 пайыздай қымбаттаған. Бұл ең жоғары жылдық өсім.

Energyprom сарапшыларының мәліметінше баға әсіресе, Түркістан, Маңғыстау облыстары мен Шымкентте айтарлықтай көтерілген. Қазір жылқы етінің елдегі орташа құны 2600, қой еті 2400, сиыр еті 2300 теңге.

Тауар бағасының өсуіне сарапшылар жемнің қымбаттауы себеп дейді. Айтуларынша ет құнының 70-80 пайызы жемнің бағасына байланысты. Мәселен арпаның бағасы былтырдан бері екі есе өскен.

Шынар Оразова