Қытай шекарадағы жүк көліктерін қабылдауға ниет білдірді

82

Қытай шекарада қаңтарылып тұрған жүк көліктерін қабылдауға ниет білдірді. Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, Қазақстан мен Қытай өткізу  бекеттерінің  жұмысына қатысты келіссөз жүргізген.

Тараптар автокөлік пен теміржол тасымалын арттыруға уағдаласты. Сонымен бірге, Қытай «Қалжат»-«Дулаты» өткізу бекетінің жұмысын қалпына келтіру үшін қосымша құрылыс жүргізбек.

Ал санитарлық талаптар қатаң сақталған жағдайда «Майқапшағай» — «Зимунай» автомобиль өткізу бекеті жұмысын жалғастырады.

Шынар Оразова