Сайрам ауданы 9 мың тоннадан астам ет экспорттады

147

Сайрам ауданы облыста ет экспорттаудан алда келеді. Ағымдағы жылдың 9 айында өңірде 22 мың тонна ет экспортталса, соның 9 мыңы Сайрамдықтарға тиесілі.

Сонымен қатар, осы аралықта аудандағы жалпы өңірлік өнім көлемі 140 млрд. теңгеге жетсе, соның 59 пайызын ауыл шаруашылығы саласы құрап отыр. Жыл соңына дейін аймақтық өнім көлемін 166 млрд. теңгеге жеткізу жоспарда.

Аудан әкімі Ұласбек Сәдібековтың сөзінше, бір жерден жылына екі өнім алу жобасы аясында бірінші айналымда 267 шаруашылықта жалпы көлемі 274 гектар, екінші айналымда жалпы көлемі 260 гектар жерге егістік егілген.

Айта кетейік, Сайрам ауданындағы 42 елді мекен 100% орталықтандырылған ауыз сумен қамтылса, 31 елді мекені табиғи газбен қамтылды. Ал газбен қамту мәселесі 74%-ға жетіп отыр.

Әлихан Файзханов