Сарыағаш ауданында ескірген электр жүйелері жаңартылуда

47

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС облыс көлеміндегі жаңғырту жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Компания биылға жоспарланған инвестициялық бағдарлама аясында электр жүйелерін жаңартуды аяқтауға жақын. Сарыағаш ауданындағы «Қапланбек», «Тоболин», «Полторацкое» қосалқы стансаларын күрделі жөндеуден өткізіп, Қызылжар, Тас бұлақ, Жемісті, Дарбаза және Жылға ауылдарында ескірген электр бағаналар мен желілерді ауыстырды. Сондай -ақ. су жаңа трансформаторлар орнатылып, олардың қуаттылығы арттырылды.

«Оңтүстік Жарық Транзит» серіктестігіне қарасты Сарыағаш аудандық желілерінің мамандары арнайы техниканың көмегімен Қызылжар ауылында ескі ағаш бағаналарын темірбетонды электр бағаналарына алмастыруда. Бұл елдімекенде 3 жарым шақырымда 0,4 киловольттық әуе электр желілерін жаңартты.
Тастан Өскенов, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-і Сарыағаш аудандық электр желілерінің шебері: «Бұл ауылда 127 дана темірбетонды столбылар қойылды. Бұған дейін тозығы жеткен ағаш столбылар болатын. Жұмыс барысында А 16 сым маркасын А35 маркасына ауыстырдық. Осы елдімекеннен 3 жарым шақырымда қосымша трансформатор қойдық. Екеуінің де қуаты 160 КвА-дан».

Энергетиктер жаңғыртудың нәтижесінде халық электр жарығымен үздіксіз және сапалы қамтамасыз етіледі дейді. Ауыл ағайындары да дән риза, өйткені сала мамандарының атқарған жұмыстары жұртшылықтың көңілінен шығып отыр.

«Көшемізде столбыларымыз ауысып, жаңарып жатыр. Мына жігіттерге рахмет істеп жатырмыз. Енді үмітіміз бар жарық  жақсы болады деген. Кешеден бері жарық әлсіз еді, ауысқалы өшпейді. Рахмет» дейді Қызылжар аулының тұрғыны Дәулет Айтқұлов.

«Оңтүстік Жарық Транзит» компаниясы 2021 жылға бекіткен инвестициялық бағдарлама аясындағы жоспар бойынша Сарыағаш ауданындағы Малайқұдық елді мекенінде жоғары кернеулі 35 киловольттық электр желісін тартуда. Оның ұзындығы 11,2 шақырымды құрайды. Энергетиктер былтыр да тура бұл аумақта осы шамалас шақырымда жаңа желінің бастапқы бөлігін жаңартқан болатын.

«Биыл да жалғасқан жұмыс алдағы жылы аяқталады деген жоспарда екен. Бұдан бөлек, 13 шақырым ұзындықта 10 киловольттық әуе желісі және 26 шақырымға 0,4 киловольттық желісі жаңартылды. Оған қоса, 7,2 шақырымға тартылған СИП желісі де ауылдағы ағайынды сапалы қуатпен қамтып отыр.

Одан бөлек 16 КТП ауыстырылып, 160-250-ге тоғыз, 100-діктер-160-төртеуі, 250-лік-400 біреуі үлкейтілді. Қызылжар ауылы Ташбұлақ ауылы, Жемісті, Дарбаза, Жылға ауылдарға қалада да, ауылда да ауыстырып жатырмыз.  Сарыағашта 1 электр желісін СИП-ке ауыстырып жатырмыз, 9 КТП-ны сол жерде ауыстырдық», дейді «ОЖТ» ЖШС Сарыағаш аудандық электр желілерінің бас инженері Сәкен Рахымжан.

Жалпы, ауданда 35 киловольттық жоғары кернеулі желіден 108 бағана, 10 киловольттық желіден 216 бағана және 0,4 киловольттық әуе желісінен 916 бағана темір бетонды тірегішке алмастырылды. Бұдан бөлек, 35-10 киловольттық «Қапланбек», «Тоболин» және 110-35-10 Киловольттық «Полторацкое» қосалқы станциялары күрделі жөндеуден өтті.

Шынар Оразова