Шартты түрде сотталған азаматтардың жұмысқа тұруына мүмкіндігі бар

109

Шымкентте халықты жұмыспен қамту мақсатында, «Мүмкіндіктер алаңы» атты бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

Аталған шара қаладағы 29 жасқа дейінгі жұмыссыз жастар мен шартты түрде сотталған азаматтарға тұрақты жұмыс орнына орналасуға үлкен мүмкіндік беріп отыр. Жәрмеңкекеде қала тұрғындарына 700-ден астам бос жұмыс орны ұсынылды.

Шымкентте бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Аталған шараға келіп , жұмыс іздеген жастар арасында шартты түрде сотталған азаматтарда бар.

Солардың бірі Айдос, бүгінгі жәрмеңкеге өзіне ыңғайлы жұмыс іздеп келген көрінеді. 29 жастағы азамат осыдан 3 жыл бұрын достарымен болған қақтығыста, жолдасына суық қарумен жеңіл жарақат салып , 2,5 жылға шартты түрде сотталған екен. Кейіпкеріміз қылмыс жасардан алдын заңгер мамандығында білім алғанын айтты. Сондай-ақ, ол өз сөзінде, өткен әрекетіне өкінетінін және ел қатарлы жұмыс істегісі келетінін жеткізді.

 Айдос (есімі өзгертілді) шартты түрде сотталған азамат: «Қылмыс жасап түстік, адамды ұрып төбелесіп.  Мекен жайда болған төбелестен , содан пробация қызметтермен сот болып сонда жіберілдік.  Жұмыс істейміз деп келдік қой осы жерге, мекемеде, завод мысалы үшін.  Айта берсек көп, бізге жетпеді ғой, мысалы 100-дің үстіне бәріне ортақ айлық сол ғой».

Пробация қызметкерлерінің сөзінше, көп жағдайда жұмыс берушімен келісім-шарт жасау барысында, азаматтың сотталғандығы қиындық тудыратын көрінеді. Дегенмен олар, осындай бағдарламалар арқылы жыл басынан бері 40-қа жуық шартты түрде сотталушы жұмысқа орналасқанын айтты.

Марат Қожабеков, Еңбекші ауданының пробация қызметінің аға инспекторы
«Жыл басынан Еңбекші ауданы бойынша 30 адамды жұмысқа кіргізді, 60 адамды жұмысқа кіргізуге ниеттеніп отырмыз. Олар көбінесе білімсіз болғандықтан жұмыс беруші қандай жұмыс ұсынады соған барады».

Шартты түрде сотталған азаматтардың басым бөлігінде жоғары білімі болмағандықтан , олар ұсынылған кез-келген жұмысқа келісетін көрінеді.. Ал, жұмысқа орналасқандарының орташа жалақысы шамамен 100 мың тг көлемінде. .

Марат Қожабеков,  Еңбекші ауданының пробация қызметінің аға инспекторы
«Сотталған азамат болғандықтан кей мекемелер қабылдамай жатады, ал кейбірі қабылдайды.  Жұмыспен қамтуға біз жолдағанда жұмыс берушімен келісімге тұрады, ол кім қандай азамат, қайдан келді, біз сотталған азамат екенін айтып береміз оларға».

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған бұл шараның басты мақсаты, қаладағы жұмыссыз жүрген азаматтарды жұмыспен қамту.

Жәрмеңкеде тұрғындарға қаланың түрлі мекемелері мен кәсіпорындары тарапынан 700-ге жуық техникалық, педагогикалық және осы сынды мамандықтар бойынша тұрақты бос жұмыс орындары ұсынылды. Ұйымдастырушылар, бұл іс-шара халыққа қана емес, жұмыс беруші мекемелердің қажетті маман таңдауларына да үлкен мүмкіндік болғанын айтты.

Балмаржан Нарбекова, Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы:  «Басты мақсатымыз азаматтарды тұрақты жұмысқа тұрғызу. Бізде ақпараттық портал бар, сонда жұмыс іздеп жүрген азаматтарды жұмысқа тіркейміз, бізге келмей тіркелмен азаматтар болуы мүмкін, сол жандарға үлкен мүмкіндік».

Ресми дерекке сүйенсек, жыл басынан бері «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бүгінгі таңда 26 013 адам қаладағы түрлі кәсіпорындар мен мекемелерге жұмысқа орналасқан. Және мамандар, бұл шара алдағы уақытта қаланың 4 ауданында жалғасын табатынын айтты.

Аида Қарсыбайқызы