2021 жылдың 4-қарашасында түнгі сағат 00:30 шамасында «102» арнасына 9-қабаттың терезесінен секіргелі тұрған адамға көмек керек деген хабарлама келіп түседі
Тәртіп сақшылары хабарламаға шұғыл ден қойып, жақын маңдағы Патрульдік полиция полкінің 4-рота №821-автоэкипажын оқиға орнына жібереді. Полицейлер аталған мекенжайға бірден келіп, терезенің сыртында тұрған азаматшаны көрІп, терезе сыртында тұрған қыз баланы қауіпсіз жерге шығарып үлгереді. Түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Өмірімен қош айтыспақ болған азаматша мән-жайды анықтау үшін Қаратау ауданы Полиция басқармасына жеткізілді.
Жанерке Хумар