Шымкент: Боран, қатты дауыл күтілуде

57

 

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ауа райының нашарлауына байланысты қала тұрғындарын сақ болуға шақырады.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, 2021 жылдың 17 қарашасында желдің секундына 25 метрге дейін күшеюі туралы ескерту жарияланған. Сонымен қатар, 18 қарашада қалада қатты жаңбыр жауып, қар жауады.

Құрметті автокөлік иелері мен жаяу жүргіншілер! Ауа-райы өзгеруіне байланысты жолдарда өте сақ және мұқият болыңыз.

Жел күшейген кезде азаматтарға ұсыныстар

Жел күшейген кезде ғимараттардан шығуды шектеуге кеңес береміз, үй-жайларда болғандарыңыз дұрыс. Балаларды ерекше бақылауға алу және оларды қараусыз қалдырмау маңызды.

Егер қатты жел соққанда, сіз көшеде қалсаңыз, жерасты өткелдеріне немесе ғимараттардың кіреберістеріне тығылуға кеңес береміз. Қатты желден үйлердің қабырғаларына жақындамаңыз, өйткені шатырлардан шифер мен басқа шатыр материалдарының құлауы мүмкін. Бұл қоғамдық көлік аялдамаларына, билбордтарға, ағаштарға, аяқталмаған ғимараттарға да қатысты.

Қатты жел кезінде электр желілерінің астында тұру және үзілген электр сымдарына жақындау өте қауіпті. Егер сіз елді мекеннен тыс жерде болсаңыз, онда көліктен шығып, жол кюветіне паналауға кеңес береміз. Қалада болсаңыз дереу көліктен, автобустан, трамвайдан шығып, жақын маңдағы баспанаға, жер асты өткеліне немесе жертөлеге тығылуыңыз керек.