Абай ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, танысы ХҚКО-нан көлік жүргізу куәлігін алып беремін деп, ақшасын иемденгенін жазған.

Келтірілген шығын көлемі 95 000 теңгені құрайды. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабымен яғни алаяқтықпен тіркеп, жедел іздестіру шарасына кірісті.

Аталған жайт бойынша, жедел іздестіру жұмысын жүргізу барысында Абай АПБ криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен қала тұрғыны анықталып, басқармаға жеткізілді. Қазіргі таңда сотқа дейінге тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, сіз алаяқтардың құрбаны немесе заңсыз әрекеттердің куәсі болсаңыз, тез арада полицияның «102» арнасына хабарласыңыз.

Жанерке Хумар