Шымкентте үш магистральды суаққының құрылысы аяқталды

38

Шымкентте үш магистралды суаққының құрылысы аяқталды. Бүгінде аталған нысандарда құбырларды жуып-шаю және жалпы тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

4,48 шақырымдық суаққы құрылысы “Сарыағаш-Аман” ЖШС тарапынан 2020 жылдың мамыр айында басталса, 9,37 шақырымдық магистралды суаққы құрылысы да өткен жылдың маусым айында бастадып еді.

Сондай-ақ, 10,61 шақырымдық магистралды су құбырының жұмысы 2021 жылдың мамыр айында басталса, қазіргі таңда аталған үш магистралды суаққының құрылысы толықтай аяқталды.

Құбырларды тексеру жұмыстары аяқталғанда 100 мыңнан аса адам сапалы суға қол жеткізетін болады. Жұмыстар нәтижесінде Асар-2, Достық, Солтүстік саяжай, Ынтымақ, Ынтымақ-2, Батыс, Қызылжар, Игілік, Жаңаталап, Тәуелсіздікке 20 жыл және Көкбұлақ тұрғын алабына ауыз су кезең – кезеңмен беріле бастайды.

Әлихан Файзханов