75 жылдан бері әр 17 қараша күні Халықаралық студенттер күні тойлады. Бұл күн, кез-келген адам үшін, көңілді жастық шақты еске түсіретіні сөзсіз. Осы тұста, қаламызда өзінің жан-жақтылығымен көзге түсіп, үшінші мегаполис атын елімізде ғана емес, шетелдерде танытып жүрген дарынды жастар бар екенін айтып өтейік.
2 курс студенті Қанат Жолдасбеков Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде «Журналистика және репортёр ісі» мамандығында оқиды. Білім ошағының қабырғасында жүріп, талай додаларда топ жарған студент түрлі облыстық, Республикалық мүшәйралардың жеңімпазы.
Бұл кейіпкеріміз небәрі 18 жасында дәл осылай, өзінің ерекше дарындылығымен көзге түсіп жүрсе, Ізбасар Ерхан студент бола тұра, адам жанын арашалап, халыққа қызмет етіп жүр.
Ауқымды оталарға қатысып, үлкен тәжірибие жинап жүрген студент Түркістан қаласында орналасқан Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент кампусында білім алуда. Ізбасар Ерхан теория жүзінде алған білімін, практикалық тұрғыда іске асырып жүргені, өзі үшін үлкен жетістік екенін айтады.
Айта кетейік, бүгінгі таңда Шымкент қаласында 106 792 студент өз білімін арттыруда. Оның 75 000-ға жуыға жоғарғы оқу орнында оқыса, 31 000-дай студент колледжде білім алып жатыр.
Аида Қарсыбайқызы