Талан -таражға түскен субсидия

63

Түркістанда шаруаларға төленуі тиіс 380 млн. теңге субсидия талан-таражға түскен. Мемлекеттік қолдауды заңсыз алды деген күдікке ілінген 8 шаруа қожалығына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Олар Ресейден қара мал аламыз деп жалған құжат жасатқан.

Сөздері сенімді болуы үшін 1 млрд. теңгеден астам несие де алған. Қазір іс бойынша 10 адам қамауға алынды. Егер олардың кінәлары дәлелденсе, 5 жылдан 10 жылға дейін сотталуы мүмкін. Еске салайық, елімізде соңғы бес жылда ғана ауыл шаруашылығын дамытуға 2 трлн. теңгеден астам қаржы бөлінген.

Талғат Мыңбаев, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің басқарма жетекшісі: «Күдіктілер 10 адам сотқа жолданды. Олардың іс-әрекеттерінің бәрі сараланып, қыркүйек айының соңында сотқа жолданды. Қазіргі таңда Кентау қалалық сотымен аталған қылмыстық іс қаралуда».

Аида Қарсыбайқызы