Шымкенттік полицейлер жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында күнделікті рейдтік іс-шара өткізуде.
Осы ретте Абай ауданы Полиция басқармасы ювеналды полиция бөлімінің қызметкерлері түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз көшеде немесе ойын-сауық орталықтарында жүрген кәмелет жасына толмаған балаларды анықтап, олардың ата-аналарына қатысты тиісті әкімшілік шара қолданылады.
Іс-шара барысында түнгі сағат 23:00-ден кейін заңды өкілдердің қарауынсыз жүрген 8 жасөспірім анықталып, олардың ата-аналарына ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Өз кезегінде, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері жасөспірімдерді түнгі уақытта назардан тыс қалдырмай, ересектермен ғана жүруін сұранады.