Тұран шағынауданын дамыту басты назарда

160

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасы негізінде қала әкімі аппаратының басшысы Ғ.Мәуленқұлов пен салалық басқармалар Тұран шағын ауданында салынып жатқан көпқабатты үйлердің құрылысын және инфрақұрылым жүйелерін аралап көрді.

Тұран шағын ауданының дамуы қала экономикасы үшін маңызды екенін айтқан аппарат басшысы әкімнің талабы тұрғын үйлерді пайдалануға берер кезде халықтың тұрмысына қажетті газ, су, жарықтың және жол мен кәріз жүйесінің мәселе тудырмауы екенін жеткізді. Сонымен бірге аулаларының абаттандырылуын да назардан тыс қалдырмауды айтты.

Тұран шағын ауданын инфрақұрылым жүйесімен қамту жұмыстары кезең-кезеңге бөлінген. Әр кезең бойынша тиісті мердігер мекеме белгіленген жұмысты атқаруда.
2015 жылы бекітілген шаһардың бас жоспарына сай Тұран шағын ауданы қаланың солтүстік бөлігінде орналасқан. Жалпы алаңы 1190 гактарды құрайды. Шағынаудан батысында Бәйдібек би даңғылымен шектеседі, солтүстігінде А-2 «Алматы-Термез» автокөлік дәлізі жатыр.