Түркістан: «Тұран» бокс клубы құрылады

95

Түркістан облысында «Тұран» бокс клубы құрылмақ. Бұл туралы өңір басшысы Өмірзақ Шөкеевтің Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы Сәкен Бибосынов пен оның бапкері Мырзағали Айтжановпен кездесуінде айтылды.

Кездесуде қазақ боксының даму барысы, күнгей өңірдің жастарын боксқа баулып, чемпиондар шоғырын шығару мәселесі сөз болды. Өмірзақ Шөкеев бапкер мен спортшының жетістігін жоғары бағалап, облыста спортты дамытуға жағдай жасалып жатқанын, алдағы уақытта тағы да дамыту үшін ұсыныс-пікірлерін тыңдауға дайын екенін жеткізді.

Олимпиада ойындарының 2 қола жүлдегері мен үш әлем чемпионын даярлаған даңқты бапкер Мырзағали Айтжанов спортшыларға деген қолдау күшейтілсе, әлі де таланттар шығатынын атап өтті.

Мөлдір Ибадуллаева