Түркістанда «Born Nomad» қолөнершілер фестивалі өтті. Байқау әйелдердің кәсіпкерлік бастамаларын қолдау мақсатында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстандағы АҚШ елшілігінің ұйымдастыруымен өткізілген.
«Борн Номад» жобасына 2000-нан астам қолөнерші қатысып, оның 400-ден астамы бизнес бағытында білімін шыңдады. Байқау жеңімпаздары 6 номинация бойынша марапатталды.
«Дәстүр» номинациясын Шымкенттік Мәдина Ахметова жеңіп алды. Сонымен қатар, фестиваль соңында «Born Nomad» жобасының қатысушылары бұйымдар жәрмеңкесін өткізді.
Гүлдана Дәурен