Түркістан облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері ұсталды. Олар Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы ірі-қара мал мен ұсақ малды жедел және кедергісіз өткізгені үшін кеден бекеттерінде кәсіпкерлік субъектілерінен жүйелі түрде пара алған.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, қазіргі таңда тұтқындалған бірқатар лауазымды тұлғалар Шымкент қалалық Ішкі істер департаментінде уақытша ұстау изоляторларына қамауға алынды.
Мөлдір Ибадуллаева