«Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Мақтаарал АПБ және Мақтаарал аудандық жастар орталығы бірлесіп, рейдтік шара өткізді. Аудан көлемінде түнгі ойын-сауық орталықтарын, ойынханаларды, кафе-ресторандарды тесеріп шықты.
Мақтаарал ауданындағы «Жасөспірім» іс-шарасы барысында ӘҚБтК-нің 132-бабы «Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол беру» бойынша -1 жасөспірім анықталып, оның ата-анасына қатысты 442-бабымен «Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы» хаттама түзілсе, 200-бабы «Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу» бойынша және 423-1-бабымен «Жиырма бір жасқа толмаған адамдарға темекіні және темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды сату» — 1 құқық бұзушылық анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Өз кезегінде Түркістан облысының полиция қызметкерлері мұндай іс-шараларды өткізу кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу тұрғысынан қажет екенін атап өтті. Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты түрде жалғасатын болады.