«Түркістанның текті тұлғалары» кітабының таныстырылымы өтті

76

Түркістанда «Түркістанның текті тұлғалары» кітабының таныстырылымы өтті. Тұсукесер облыстық «Farab» әмбебеп ғылыми кітапханасында болды.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған іс-шараны кітапхана ұжымы мен Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің «Тарих» кафедрасы бірлесіп өткізді.

Кітаптың авторы – тарих ғылымдарының докторы Тұрсұн Хазретәлі Маханұлы. Сонымен бірге рухани кеште тарихшының еңбектері мен зерттеулері топтастырылған кітап көрмесі оқырман назарына ұсынылды.

Кітаптың таныстырылымына белгілі тарихшылар мен дінтанушылар, профессорлар, зиялы қауым өкілдері қатысты. «Түркістанның текті тұлғалары» кітабында Түркістаннан шыққан қайраткерлер мен елдің ардақты азаматтары туралы зерттеулер енгізілген.

Әлихан Файзханов